Өзен бойымен жүзу: «Іле атырауының Қамыс жұмағы»

2015 жылғы 20 - 31 тамызда Іле өзені атырауының орталық бөлігінің туристік тартымдылығын зерттеу мақсатында, Іле өзені атырауымен экспедициялық жүзу болып өтті.
Жандарында моторлы катамаранның жүруімен байдаркаларда 10 жүріс күні ішінде, толық автономды тәртіпте атырау ағысы, Балқаш көлінің жағадағы жиек алқабы және Іле өзенінің ескі арнасы бойынша 300-ден артық километр жүрілді.

Экспедицияның құрамы:

  • Олег Парамонов, экспедицияның жетекшісі, «СТВ» телеарнасындағы "Неизведанный Казахстан" («Беймәлім Қазақстан») бағдарламасының авторы
  • Олег Гришин, жетекшінің көмекшісі, моторлы катамаранның капитаны
  • Наталья Бычкова, Новосібір қ., РФ, моторлы катамаранның меңгерігі
  • Вадим Кравцов, тілші, АиФ Қазақстан, фотосуретші
  • Вера Кельмович, Санкт-Петербург қ., РФ, фотосуретші
  • Аркадий Титаренко, Валенсия қ., Испания, биолог, б.ғ.к. ғылыми кеңесші
  • Андрей Игумнов, турист, бейнеоператор
  • Анастасия Игумнова, саяхатшы, фотосуретші
  • Дмитрий Ан.
Іле өзені атырауының орталық бөлігі, аяқ басып өтуге қиындық салдарынан бастапқы түрін сақтап қалған. Адамның ең басым әсер еткен іздері Аралтөбе, Топар, Құйған кенттерінің аудандарында білінеді. Бұл жерлерде көптеген шаруа қожалықтары, балық аулайтын лагерлер орналасқан, әуесқой-балық аулаушылардың тұрақтарына әкелетін жолдар бар. Қарқынды түрде мал жайылады. Егіншілік әлсіз дамыған, бұл жердің топырағы көбінесе сортаң, тұздалған. Сондай-ақ Иір сағасында адамның қарқынды әсерінің іздері бар. Осы жерде әуесқой-балық аулаушыларға жабдықталған қонақ үйлер салынған. Алайда, жануарлар мен құстар әлемінің барлық байлығы сақталып қалғаның айтып кетуі керек. Атыраудың орталығында, жағаның жиектерінде түлкілердің, қабандардың, еліктердің, ұсақ кемірушілердің іздері кездеседі. Құстар әлемі ерекше бай және алуан түрлі. Өзен жағасынан бір километрде орналасқан кішігірім көлде азанда жүздеген шағалалар, ақ және сұр құтандар, бірнеше ондаған бірқазандар, үйректердің түрлі топтары байқалған. Осы жерде жиі кездесетін моторлы қайықтарға құтандар назарларын бөлмейді, алайда оларды үнсіз байдаркалар үркітті. Атыраудың орталық бөлігі – жабық әлем. Бұл жерде Тұран жолбарысын реинтродукциялау бағдарламасы аясында, таралу аймағын шектеу жағдайында, ірі жыртқыштарды бейімдеу және табиғи жағдайларда өсіруді іске асыруға, жабық қорық немесе қорықшаны ұйымдастыруға болады.

ҚҰГҚ қойылған міндеттерді экспедиция толықтай орындады. Іле өзені атырауының экологиялық атласы құрастырылып жатыр, оның қазіргі күйіне және атыраудың экожүйесіне адамның әсер ету мониторингі өткізілді. Бай фото-бейне материал жиналды. Телеарнаға бағдарлама серияларын өткізу үшін бейне материал түсірілді. Туристік маршруттың сипаттамасы әзірленіп жатыр.

Жақын арада СТВ каналында экспедиция туралы фильм шығады.
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ПОКАЗАТЬ ЕЩЕ НОВОСТИ
ЕЩЕ НОВОСТИ