«География - мәдени даму бағыты» атты көрме ашылды.

«QazaqGeography» РҚБ мен Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде өтіп жатқан шараның мақсаты –қолөнер шеберлері, осы саладағы жастар шығармашылығына қолдау білдіре отырып, қолданбалы өнер туындыларын таныту және насихаттау. Сонымен қатар, қолданбалы өнер бойынша жаңа технологиялық ізденістер қолдануда жаңа бағытты таныстыру. Аталған көрмеге еліміздің түрлі аймақтарындағы шеберлердің киіз бен гобеленнен жасаған еңбектері, «Arlan Design» сурет галереясының туындылары, Қазақ Ұлттық өнер университетінің педагогтары мен студенттернің шығармалары ұсынылып отыр. Сонымен қатар ағайынды Аңқауовтардың ата-бабаларымыздың өмір сүру үлгісі мен салт-дәстүрімізді танытатын көркем туындылары қойылған. Көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қосымша жаңалықтар көрсету
Қосымша жаңалықтар көрсету