«Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясы

6000 шақырымға созылған экспедиция Үрімші қаласынан басталып, одан әрі Қарашахар - Корла - Кучар - Ақсу - Қашғар - Артуш - Янгисар - Жаркенд - Кағалық – Қотан – Қашғар – Тұрағат – Нарын – Таш-Рабат – Бішкек бағыттары бойынша өтті.

1858 жылдың маусымы мен 1859 жылдың сәуірі аралығында көрнекті саяхатшы, ғалым, публицист Шоқан Уәлиханов Батыс Қытайдың Қашғар өңірінің (қазіргі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) географиясын, тарихын, этнографиясы мен мәдениетін зерделеу бойынша құпия миссияны табысты өткізді. Әлемнің географиялық картасындағы «ақ дақты» зерттеуге қосқан көрнекті үлесі үшін, ол штаб-ротмистрі атанды және Әулие Владимир орденімен марапатталды.

Экспедицияның нәтижелері бойынша деректі фильм түсірілді, Исмаилжан Иминовтың «Ұлы Шоқан ізімен» кітабы жарық көрді. «Шоқанның керуен жолымен» фильмін осы жерден көруге болады. «Ұлы Шоқан ізімен» кітабын осы жерден жүктеп алуға болады.

Поделитесь в соцсетях:
Поделитесь в соцсетях:
Показать еще новости
Показать еще новости