25 тамыз, 02:51

«Білім беруді сандық трансформациялау» онлайн конференциясы

2020 жылдың 20-21 тамызында, білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Білім беруді сандық трансформациялау» тақырыбында жыл сайынғы қалалық Тамыз конференциясы өтті. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция алғаш рет онлайн форматта жүргізілді.

Дәстүрлі конференция форматында білім берудің жаңа шақыруларына 3500-ден астам адам қатысты, олар: интеллектуалдық мектептердің педагогтары, НИМ (NIS) желісінің барлық мұғалімдері, ата-аналар комитеті, Білім және ғылым министрлігі, білім департаменттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

21 тамызда орта білім беруге арналған секциялық отырыста «Қашықтықтан оқыту жағдайында географияны оқыту ерекшеліктері» атты тақырыптық алаң өтті. Мақсатты топтың жұмысына 250 география мұғалімі қатысты. Секция жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мен «QazaqGeography» РҚБ жауапты болды.

Тақырыптық секцияға қатысушыларға «QazaqGeography» Төрағасының орынбасары Жана Мұхамеджанқызы Рүстем құттықтау сөз сөйледі. «QazaqGeography» мүшесі Бекдаирова Венера Жандосқызы тақырыптық секция жұмысына белсене қатысып, қатысушыларға онлайн интеллектуалдық ойын QGquiz викторинасы туралы айтып берді.

«Қашықтықтан оқыту жағдайында географияны оқыту ерекшеліктері» секциясының жұмысы және жалпы Тамыз конференциясы жемісті жағдайда өтті. 20-21 тамызда онлайн форматта барлығы 37 секциялық отырыс жүргізілді.

«QazaqGeography» РҚБ мұғалімдерге өз білім беру жобаларының іс-шараларына қатысудың жоғары нәтижелілігі мен белсенділігі үшін шынайы алғысын білдіріп, оларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Құрметті мұғалімдер, сіздер әлемге тамаша дайындалған жастарды шығаруға көмектесудесіз. Сіздердің әрқашан кәсіби әріптестеріңіз бен сенімді серіктестеріңіз болсын. Жаңа оқу жылы қарсаңында «QazaqGeography» атынан ең шынайы бақыт, зор денсаулық және жұмыстарыңызға табыс тілейміз!



Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
+7 701 522 91 91

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх