«Арал-2018» QazaqGeography экспедициясы

2018 жылдың 10-ы мен 30 мамыр аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Солтүстік және Оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырады.
© Дереккөз: QazaqGeography.kz
Сапар қазақстандық және өзбек аумағы бойынша 7000-ге жуық километрді қамтиды және келесі бағыт бойынша өтеді: Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Ургенч – Нукус – Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана. Экспедиция «Тойота Мотор Қазақстан» және «Top Oil» компанияларының қолдауымен өтеді.

QazaqGeography тобына жол талғамайтын көлік жүргізушілерін, сондай-ақ аспазды, дағдыланушы дәрігерді, журналистерді, фотографтар мен блогерлерді жинайды. Барлық жол талғамайтын көліктер жанармаймен және мотор майын ауыстырумен қамтамасыз етіледі. Экспедицияға қатысу тегін, бірақ әрбір қатысушы QazaqGeography мүшесі болуы керек.

QazaqGeography Аралға экспедициясы 2016 жылдан бергі есеп бойынша екінші болады, ол кезде Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның экспедиция құрамындағы Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық күйін зерттеген болатын. Сол уақытта ғалымдар Солтүстік Аралдың орташа тұздылығының төмендеу беталысын тіркеген еді, ол Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы алдын ала қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.

2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге, зерттеу спектріне Оңтүстік Арал да кіреді. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық топтанулардың биоалуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналады, ол Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы алдын ала трендті анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, экспедиция Арал өңірі бойынша туристік бағыттар картасын жасау, сондай-ақ бірегей фото- және бейнематериалдарды жинау мақсатын көздейді.
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ

23-04-2018