«Арал: жоғалған теңізді іздеу жолында»
Исмаилжан Иминовтың «Арал: жоғалған теңізді іздеу жолында» атты кітабы байырғы аралдықтардың тағдыры мен олардың туған жерге деген махаббаты, тарихи мәдени ескерткіштер, құрғаған теңіз түбінде қалған кемелердің қалдықтары және Барсакелмес жұмбақ аралы туралы баяндайды.

Кітап автордың 2016 жылғы «Ұлытау-Арал» экспедициясының барысы туралы жеке әсерлерінің негізінде жазылған.
Торғай геоглифтары туралы ғылыми-зерттеу кітапшасы
Торғай геоглифтары — алғаш рет 2006 жылы бос қолжетімділіктегі ғаламшардың ғарыштық түсіру суреттерін қарау кезінде археолог Дмитрий Деймен табылған бірегей ерекше құбылыс. Геоглифтердің бар болуы осы объектілердің қайда, кіммен, және қандай мақсатпен құрылғандығы туралы көптеген сұрақтарды туындатады. Кітапша Торғай ойысын барлау экспедициясы барысында ғалымдармен құрылған геоглифтердің сипаттамаларын қамтиды.

Баянауылдың туристік сызба-картасы

Баянауыл таулы-орманды алқабының Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарының саяхатшылары үшін ең танымал бағыттарының бірі екендігі кездейсоқ емес. Аумақ жағажайлық, жаяу жүру, велосипед және тарихи-танымдық туризмге мүмкіндік береді.

Баянауылдың туристік объектілерінің шолу сызбасынан басқа, басылым Баянауыл ауылының жоспарын, тау алабының солтүстік-шығыс бөлігінің картасын көпшілікке мәлім соқпақ жолдарымен, Жасыбай көлі жағалауы шығыс бөлігінің егжей-тегжейлі сызбасын, пайдалы ұйымдардың байланыстарын және туристік объектілердің сипаттамаларын қамтиды.

Карта QazaqGeography, «Павлодар география үйі» ҚБ және «Авалон» ҚҚ, сондай-ақ Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының консультациялық қолдауымен шығарылған.
Ұлытау бойынша туристік жолсілтеме
Ұлытау Қазақстанның георгафиялық орталығындағы ұлан-байтақ аймақ, оны елдің жүрегі деп санауға болады: дәл осы жерде кесенелердің, жартасқа салынған суреттердің, үңгірлердің, ежелгі қалалардың орындары, тарихи және аңызға айналған тарихтардың жинағы бар.

Аймақтың елге келушілер мен ішкі туризмді дамыту мағынасында да әлеуеті зор. Әртүрлі мерзімдегі тарихи-мәдени объектілері, сондай-ақ биологиялық және ландшафты алуантүрлілігі бұл жерде саяхаттың ең кең спектрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолсілтеме Ұлытау аймағын зерттегісі келетін саяхатшыларға таптырмайтын көмекші болады. Жолсілтеменің 100 бетінде 70 астам туристік объектілер карталарымен және иллюстрациялық фотосуреттерімен берілген.

Жолсілтеме QazaqGeography және «Авалон» тарихи-географиялық қоғамымен 2015 және 2016 жылдардағы барлау экспедицияларының нәтижелері бойынша жасалған.